06.03.2018ж. Алматы онкология орталығының қызметкерлері 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін атап өтті. Алматыдағы Ғалымдар үйінде өткен мерекелі жиынға тек орталықтың қазіргі кездегі қызметкерлері емес, сонымен қатар ұзақ жыл Алматы онкология орталығында қызмет қылып зейнетке шыққан медицина қызметкерлері де жиналды. Атаулы іс-шараға арнайы келген Рамазан Стамғазиев, Құдайберген Бекіш сынды өнер азаматтары ақ халатты әсем аруларға арнап ән шырқады. Алматы онкология орталығының бас дәрігері, м.ғ.д. Даулетбаев Дамир Абайділдәұлы сахнаға шығып ерекше көзге түскен медициналық қызметкерлерді қала әкімінің алғыс хаттарымен, Нұр Отан партиясының мақтау қағаздарымен және өз атынан алғыс хаттармен марапаттады. Бұл күні орталықта ұзақ жылдар бойы абыроймен қызмет атқарған ардагерлерде де назардан тыс қалмады. Кештің құрметті қонағы ретінде шақырылған 7 ардагерге гүл шоқтары мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Кеш соңында орталықтыңбас дәрігері сахнаға шығып тосын сый жасады. Дамир Абайділдәұлы орталықтың барлық нәзік жанды қызметкерлеріне арнап жанды дауыспен «Ана туралы жыр» орындап берді.
3 -ші ақпан күні Алматы онкология орталығының емханасында және қаламыздың басқада емханаларында Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күнінің аясында Ашық есік күні өтеді. Бұл күні таңғы сағат 9:00 ден 13:00 ге дейін онкомаммолог, онкоуролог және онкохирург мамандар барлық адамдарды тегін қабылдап, тексеріп, денсаулық мәселелері бойынша кеңес береді.
ШЖҚ «Алматы онкологиялық орталығы» МКК мемлекеттік сатып алулар жоспары, 2015 жыл
Елімізде соңғы жылдары денсаулық сақтау жүйесін, оның ішінде онкологиялық қызметті жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. «Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру Қазақстанда онкологиялық қызметтің әлеуетін ішінара нығайтуға, нарықтық тетік элементтерін енгізуге, заманауи медициналық технология трансфертін іске асыруға, жекелеген онкологиялық диспансерлердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, обырдың ерте диагностикасы бойынша заманауи әдістерді енгізуге, кадрлар даярлауға ықпал етті.Соңғы 5 жылда бағдарламаны іске асыруға 200 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсалды. Бірақ, қабылданған бағдарлама нәтижесінде Қазақстанда онкологиялық қызметті жақсартудың жақсы жақтары орын алғанымен, көптеген мәселелер әлі шешімін таппай отыр. Барлық облыстық диспансерлер шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын мәртебесін ала алмауда. Онкологиялық науқасты емдеу құнының тарифтері әртүрлі, онкологиялық диспансерлерді жабдықтаудың бірыңғай стандарты анықталмаған, цитостатиктерді орталықтандырылған еріту кабинеттері барлық жерде ашылмаған. Қазіргі уақытта ем қабылдап жатқан онкологиялық науқастар санына орай онкологиялық қызметті қаржыландыру (науқастар саны өскен сайын қаржыландыру өседі) өзін өзі ақтамай, қызметті жетілдіруге ықпал ете алмауда. Өйткені, қаржыландыруды ұлғайту мақсатында әр мекеме басшысы есепке алынған онкологиялық науқас санын өсіруге тырысады. Ал бұл медициналық көмек сапасына да, статистиканың дұрыстығына да, жалпы онкологиялық қызметті дамытуға кері әсерін тигізеді. Тағы бір айта кететін жайт, бағдарлама аясында скрининг жүргізуге қомақты қаражат бөлінгенмен, қатерлі ісікті анықтау көлемі айтарлықтай ұлғаймаған. Бүгінде скринингтің осы әдістерінің тиімділігі туралы бірқатар мәселе орын алып отыр. Мәселен, 2016 жылы мемлекетте өңеш, асқазан, жатыр мойны, колоректалдық обыр, қуықасты безі, гепатоцеллюлярлық обырдың 6 локализациясы бойынша скрининг жүргізілді. Тексерілген 1 988 662 адамнан скрининг бойынша тек 2015-нен онкологиялық науқас анықталды. Бұл барлық тексерілгендердің 0,1 пайызын құрап, онкологиялық ауруларды анықтау көрсеткішінің төмендігін және скрининг кезінде бюджеттік қаражаттың тиімсіз жұмсалғанын көрсетіп отыр. Скрининг бастапқы медико-санитарлық көмек (БМСК) мамандарының көмегімен жүргізілетіндіктен, ұйымдастыру мәселелерін дұрыс шешіп, сондай-ақ, скринингке қатысушылардың кәсіби деңгейін жоғарылату қажет еді. Десек те, онкологиялық көмекті жетілдіру бойынша жүргізілетін іс-шаралар тиімділігінің жеткіліксіздігін мына деректерден де көруге болады. Мәселен, елімізде өлім көрсеткіші бойынша қатерлі ісіктен қайтыс болғандар 2-ші орында тұр (12,1 пайыз). Жыл сайын елімізде 17 мыңға жуық адам қайтыс болса, оның 16,9 пайызын өкпе обыры құрайды. Жалпы, қатерлі ісіктерден болатын ауру көрсеткіші де өсіп, 9,7 пайызға жеткен. Осы ретте, онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру нәтижесі халық пен медициналық қоғам арасында кеңінен талқыланбағанын атап өткен жөн. Халыққа көрсетілетін онкологиялық көмекті дамыту үшін бұл бағдарламаны қабылдау тиімділігі мен қанша қаражат жұмсалғаны белгісіз. Десек те, 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында онкология елімізде денсаулық сақтауды дамытудың 5 басымдығының бірі ретінде анықталған. Онкология – бұл мультипәндік сала, науқасты емдеу кезінде әртүрлі сала мамандары қатысады: хирургтер, химиотерапевтер, әр бағыттағы терапевтер, сәулелік терапия дәрігерлері, диагностикалық құралдарда жұмыс істейтін мамандар, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер. Яғни, адамның өмір сүру ұзақтығы мамандардың дұрыс қойған диагноздарына, кәсіби шеберліктеріне, емді дұрыс бастап, емдеу кезеңін дұрыс таңдауына байланысты. Қазақстанда диспансерлік әдістерге негізделген онкологиялық қызметті ұйымдастыру ұстанымдары өзін ақтағанын атап өткеніміз жөн. Бұл қатерлі ісікпен ауыратын науқастарға мамандандырылған медициналық көмек көрсетілуін қамтамасыз етеді. Алайда, бізді Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында онкологиялық қызметті жүргізу барысы алаңдатады. Мысалы, Ресейде онкологиялық науқастарды кез келген көп салалы клиника емдей алады. Өңірлердегі ауруханалар онкологиялық науқастарды қабылдай береді. Себебі, оларға міндетті медициналық сақтандыру бойынша ақша төленеді. Ал рецидивтерге операция қажет керек болса, онкологиялық орталықтарда жасалады. Ал біздің тәжірибемізде жалпы емдеу жүргізетін медициналық ұйымдарда, жеке клиникаларда, шетелде операция жасалып, науқастың асқынумен келу жағдайлары көптеп орын алған. Елімізде МӘМС жүйесінің енгізілуі және көп салалы хирургиялық стационарлар, оның ішінде жекеменшік клиникалардың онконауқастарға операция жасауға рұқсат алуы обырдың асқынуының өсуіне әкелуі мүмкін. Сөйтіп, көп жылдар бойы жолға қойылған жүйені жоғалтып алуымыз мүмкін. МӘМС жағдайында онкологиялық қызметті дамыту үшін қаржыландырудың нысаны мен түрі маңызға ие. МӘМС шеңберінде онкологиялық қызметті дамытуды қаржыландыру тетігі әлі жасала қойған жоқ. Онкологиялық науқастарға операция жасауға рұқсат берілетін медициналық ұйымдарды аккредиттеу талаптары қатаң болуы қажет. Барлық рецидив жағдайлары денсаулық сақтау басқармасы деңгейінде қатаң қаралып, лицензиясын алуға дейінгі шаралар қолданылуы тиіс. Сондай-ақ, онкологиялық науқастарға үш деңгейлі медициналық көмек көрсету идеясын қолдаймыз. Елімізде онкологияны нақты өңірлендіру (регионализация) саланы айтарлықтай жетілдіруге мүмкіндік береді, мамандардың кәсіби деңгейін жоғарылатады, заманауи құралдарды тиімді пайдалануға, жаңа технологияны жылдам енгізуге, әр деңгейде медициналық көмек көрсету стандарттарын әзірлеуге ықпал етеді. Мысалы, ұйқы безінің обыры сияқты қатерлі ауру сирек кездеседі. Ал оны диагностикалаудың өзіндік қиындықтары бар, операциялар да сирек жасалады, яғни асқыну мен рецидивтер жиі болады, тиісінше өлім көрсеткіші де жоғары. Науқасты уақтылы 3 деңгейде емдеу медициналық көмек сапасын жоғарылатуға, адам өмірін ұзартуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда медициналық көмек көрсетуді 3 деңгейге бөлу cипаты көбіне орындалмайды, бұл емдеу сапасына әсер етеді. Сондықтан онкологиялық науқастарға медициналық көмекті үш деңгейлі көрсету заңмен бекітілуі керек. Қалай дегенде де, әлеуметтік маңызы бар ауруларға жататындықтан онкология қызметін қазіргі қалпында сақтап, қызметті қаржыландыруды мемлекет есебінен жүзеге асыру қажет деп санаймыз. Өйткені, бүгінде медициналық ұйымдардың бірқатарын шетелдік инвесторларға беру мәселесі көтеріліп отыр. Бұл онкология қызметіне де қатысты болуы мүмкін. Сондай-ақ, бірінші кезекте пациенттің, медициналық қызметкердің, мемлекеттің мүддесін қорғап, барлық жұмыс талаптарын анықтауды ұсынамын. Инвесторларға мемлекеттік тапсырысты алып, обырдың күрделі формаларын диагностикалау мен емдеу жүргізіп, заманауи медициналық құралдармен жабдықталған 4 облысаралық онкология орталығын (оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс) ашуды ұсынуға болады. Бұл орталықтарда жалпы емдеу саласы мамандарына обырды ерте диагностикалау бойынша үздіксіз оқулар жүргізу қажет. Инвесторларды елімізде жоқ технологияларды енгізуге, мамандарды бұл технологияларға оқытуға, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу кезінде отандық өнімдерді алуға міндеттеу керек. Жастардың онкология жөнінде сауаттылығын жоғарылату бағдарламасын әзірлеу қажет. Бұл аурудың асқынған сатысында онкопатологияның төмендеуіне әкеледі. Сондай-ақ, «Онкология» мемлекеттік ұлттық бағдарламасын әзірлеуді қажет деп санаймыз. Онда онкологиялық қызмет мәселелерін шешу тәсілдері мультипәндік болуы қажет, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, мемлекеттік және жергілікті басқару органдары, қоғамдық ұйымдар осы маңызды мәселені шешуде бірлесіп күш жұмсауы керек. Яғни, бағдарламаның негізгі мақсаты – стратегияны анықтау және онкологиялық аурулар мен науқастардың өлім көрсеткішінің өсу қарқынын төмендету үшін обырға қарсы күрестің негізгі бағыттарын анықтау, емдеу сапасын, медициналық және әлеуметтік-еңбекпен сауықтыру емдерін жақсарту. Денсаулық сақтау министрінің тапсырмасы бойынша әзірленген «100 мәселе – 100 шешім – 100 күн» әлеуметтік жобасы аясында денсаулық сақтау мәселелерін шешу жөніндегі қысқа мерзімді іс-шаралар жоспары онкологиялық аурулардан қауіптену, қатерлі ісіктерді ерте диагностикалау, онкологиялық аурулардан болатын өлімді төмендету мәселелері бойынша халықтың сауаттылығын арттырары сөзсіз. Дамир ДӘУЛЕТБАЕВ, Алматы қалалық онкологиялық орталығының бас дәрігері, медицина ғылымдарының докторы
Зертхана меңгерушісі — медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары біліктілік санатты дәрігер.
ИГХ-диагностика зертханасы 2007 жылы клиникалық-биохимиялық зертхана құрамында ИГХ-диагностика кабинеті ретінде құрылды. Зертханада алғашқы дәрігер болып жоғары біліктілік санатты патоморфолог дәрігер Светлана Геннадьевна Кузнецова жұмыс істеді. ИГХ-диагностика зертханасы жұмысының негізгі бағыты эстроген және прогестерон рецепторларын, HER-2/neu пролиферациясы маркері мен Ki-67 пролиферативті белсенділік деңгейін анықтау арқылы емнің алуан түріне (гормонды терапия, таргетті терапия, химиялық терапия) ісіктің сезімталдығын анықтау мақсатында сүт безі қатерлі ісігін зерттеу болды. Уақыт өте келе таргетті терапия (мабтера) және химиялық терапияның жеке схемаларының нысаналарын анықтау мақсатында лимфопрооиферативті аурулардың ИГХ зерттеулері енгізілді. 2010 жылы HER-2/neu генінің амплификациясын анықтау әдісі, яғни insitu (CISH) хромогенді будандастыруы енгізілді.
2012 жылдың 1 маусым күні ИГХ зертханасы Алматы онкологиялық орталығының дербес бөліміне айналды. Қазіргі кезде зертханада 4 дәрігер (Сәтбаева Э.Б., Кузнецова С.Г., Артыкбаева Н. Т., Алтаева А.Ж.) жұмыс істейді. Олардың үшеуі жоғары біліктілік санатты дәрігер, 3 дәрігер медицина ғылымының кандидаты дәрежесін алған.
ИГХ-диагностика зертханасы Еуропалық паталогия қоғамы ұйымдастырған өкпенің ұсақ жасушалы емес қатерлі ісігі кезіндегі ALK/ROS1 сынағына қатысты (сынақ нәтижесі бойынша 89/100 % жинады).
Онкологиялық аурулардың диагностикасы кеңейіп, қазіргі таңда әр түрлі ісіктердің, ісік алды және ісік тәрізді аурулардың 100-ден астам зерттеу түрі бар. Зертхана ең заманауи түрде жабдықталған; LINK 48 DAKO автостейнері, PTLINK-платформа, гибридайзер, OLYMPUSVS-120 S5 телепатология жүйесі бар. Зертхана дәрігерлері өз білімдері мен машықтарын үнемі жетілдіруде, Қазақстан Республикасы мен шетелдегі түрлі халықаралық конференцияларға, семинарлар мен мастер-кластарға қатысып, ғылыми жұмыстарын жариялайды.
Зертхана меңгерушісі — жоғары біліктілік санатты дәрігер Гаврилова Елена Анатольевна.
Зертхана қызметінің негізгі бағыты — қатерсіз және қатерлі өскіндердің дифференциалды диагностикасына арналған биологиялық материалды цитологиялық түрде зерттеу, қатерлі ісік алды патология мен қатерлі ісікті жетілудің ерте кезеңінде анықтау.
Цитологиялық зерттеулердің келесі түрлері жасалады:
Әртүрлі аймақтағы (сүт безі, сілекей безі, қалқанша без, қуықалды безі, жұмсақ тіндер, лимфалық түйіндер, тері) ісік немесе ісік тәрізді пайда болған өсінділерден алынған пунктаттарды зерттеу
Науқасты эндоскопиялық зерттеуден алынған материалды цитологиялық тексеру (бронхоскопия, ларингоскопия, эзофагогастроскопия, колоноскопия, лапароскопия). Жатыр мойны және цервикальды арна қырындыларын, жатыр қуысынан алынған аспираттарды зерттеу; Эрозиялардың, ойықжаралардың, жаралардың, жыланкөздердің үстінен алынған қырындыларды және шығындыларды тексеру; Сұйықтықтарды (өкпеқап, асцитикалық, т.б.) цитологиялық түрде зерттеу. биопсиялық және операциялық материалды цитологиялық түрде зерттеу;
Сұйықтық цитологиясы әдісімен гинекологиялық материалды (жатыр мойны және цервикальды арнадан алынған жағынды) цитологиялық тексеру.
Зертхана меңгерушісі — Қайдарова Жанар Сіләмбайқызы.
Әлемдік жетекші өндірушілердің (Siemens, Beckman Coulter, Roche) инновациялық зертханалық технологияларын қолдану арқылы зерттеулердің ауқымды түрлерін жасайды, жансақтау бөлімінде экспресс зертхананың тәулік бойы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. 2013 жылы зертхана сапаны сырттай бақылау халықаралық бағдарламасына қатысу қорытындысы бойынша куәлік алды.
Биоматериал қан алудың жаңа вакуумдық жүйелері (вакутейнерлер) арқылы алынады. Вакуумдық түтікті екінші қолдану мүмкін емес.
Биоматериалды біліктілігі жоғары, биоматериал алу кезіндегі қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулар алған мейірбикелер алады.
Зертхана әлемдік тәжірибеде озық деп танылған соңғы буын жабдықтарымен, автоматты талдағыштармен жабдықталған. Зертхана көп деңгейлі сапа бақылауынан, соның ішінде сыртқы және ішкі сапаны бақылау жүйесінен өтті. Сапаны сырттай бақылауды жүзеге асыру үшін зертхана EQAS (АҚШ), RIQAS (Ұлыбритания) сырттай бақылау және сапаны бағалау халықаралық бағдарламаларына қатысты.
Жұмыста ең сапалы реагенттер мен шығын материалдары қолданылады.
MINDRAY ВС гематологиялық талдағышы
ВС-3200 гематологиялық талдағышы клиникалық қан талдауының 19 параметріне, оның ішіне лейкоциттерді саралауға және лейкоциттерді, эритроциттерді және тромбоциттерді тарату бойынша 3 гистограмма құруға арналған.
2. МЕК 6400 гематологиялық талдағышы
МЕК 6400 гематологиялық талдағышы
Аталған модель өлшеудің ең жоғары дәлдігімен және ең ауыр жағдайдың өзінде пайдалану сенімділігімен, сондай-ақ қанның бір үлгісінен 18 параметрді анықтау мүмкіндігімен ерекшеленеді.
3. А-25 (Biosystems) биохимиялық талдағышы
Испандық BioSystems S.A. компаниясының толық автоматтандырылған биохимиялық және иммунотурбидиметриялық, ашық типті үстел талдағышы сағатына 240 сынақ өткізу мүмкіндігіне ие, тексерілетін үлгілерді кез келген ретпен және кез келген уақытта жүктей алады.
4. е-411 иммунохемилюминесценттік талдағышы
е-411 иммунохемилюминесцентті талдағышы
Roche Cobas e 411 талдағышы автоматты жабық жүйе болып табылады және Германияның «Roche Diagnostics» өндірісінің реагенттерінде ғана жұмыс істейді. Жүйе адамның қатысуынсыз дерлік жұмыс істейді, сондықтан адам факторына қатысты қателіктер болмайды. Талдау нәтижесін алудың қысқа мерзімі, зерттеудің өте дәл болуы және сынақ мәндері ауқымының үлкен болуы диагнозды барынша дұрыс қоюға және қолданылатын емнің мониторингін жасауға мүмкіндік береді.
5. URiSCAN Optima жолақтарындағы зәрдің жартылай автоматты талдағышы
Зәрдің сынақ жолақтары арқылы зәрді күнделікті тексеруге арналған зәрдің экспресс талдағышы. Жоғары өнімділігі оны емделушілердің үлкен тобын тексеруге қолдануға жағдай жасайды.
Жолақтардағы зәрдің жартылай автоматты талдағышы.
Жолақтардағы зәрдің жартылай автоматты талдағышы
Access 2 — шағын және орта зертханаларға арналған Beckman Coulter компаниясының толықтай автоматты иммунологиялық талдағышы. Талдағыштың шағын көлемі (ені 99 см, қалыңдығы 61 см, биіктігі 47 см, салмағы 91 кг) көп мүмкіндіктерімен және жоғары нәтиже сапасымен үйлеседі. Детекция әдісі ретінде ферментативті түрде күшейтілген хемилюминесценцияның қолданысын қамтитын қатты фаза ретінде субмикронды парамагнитті бөлшектердегі иммундық-ферменттік талдау болып табылатын ACCESS технологиясы анықталатын концентрацияның кең ауқымы мен әдістің жоғары сезімталдығына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Онкомаркеры
Простатаның арнайы антигені (PSA)
Простатаның еркін ерекше антигені (free PSA)
Қатерлі ісіктік-эмбриондық антиген
Альфа-фетопротеин
BR-monitor (CA 15.3)
OV-monitor (CA 125)
GI-monitor (CA 19.9)
Арнайы простата антигенінің про-ақуызы (Pro-PSACYFRA 21.1)
Нейронға тән НСЕS-100СА72-4НЕ 4SCC энолазасы
Кардиопанель
Тропонин I (AccuTnI™)
Креатинкиназа MB
Миоглобин
Бүйрек бездері/гипофиз
Инфекциялық панель
Қызамық вирусының IgG антиденелері
Қызамық вирусының IgМ антиденелері
Токсоплазманың IgG антиденелері
Токсоплазманың IgМ антиденелері
Цитомегаловирустың IgG антиденелері
Цитомегаловирустың IgМ антиденелері
Tиреоидтық панель
Тиреотроптық гормон (2-ші және 3-ші генерация)
Еркін тироксин
Еркін трийодтиронин
Жалпы трийодтиронин
Жалпы тироксин
Т-uptake
Тиреоглобулин
Тиреоглобулиннің антиденелері
Тиреоидтық пероксидазаның антиденелері
Вирустық инфекциялар
В гепатитінің үстірт антигені
В гепатитінің растаушы үстірт антигені
В гепатитінің үстірт антигенінің антиденелері
В гепатиті ядролық антигенінің антиденелері
В гепатиті ядролық антигенінің IgM антиденелері
А гепатиті вирусының антиденелері
А гепатиті вирусының IgM антиденелері
АИТВ антиденелері
С гепатитінің вирусының антиденелері
Біріккен АИТВ
Сондай-ақ гематологиялық, биохимиялық, иммуногематологиялық және гемостаз, гормон және зәр зерттеулері өткізіледі.