Жаңалыктар

07.03.2018ж.
Алматы онкология орталығының қызметкерлері 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін атап өтті.

06.03.2018ж. Алматы онкология орталығының қызметкерлері 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін атап өтті. Алматыдағы Ғалымдар үйінде өткен мерекелі жиынға тек орталықтың қазіргі кездегі қызметкерлері емес, сонымен қатар ұзақ жыл Алматы онкология орталығында қызмет қылып зейнетке шыққан медицина қызметкерлері де жиналды. Атаулы іс-шараға арнайы келген Рамазан Стамғазиев, Құдайберген Бекіш сынды өнер азаматтары ақ халатты әсем аруларға арнап ән шырқады. Алматы онкология орталығының бас дәрігері, м.ғ.д. Даулетбаев Дамир Абайділдәұлы сахнаға шығып ерекше көзге түскен медициналық қызметкерлерді қала әкімінің алғыс хаттарымен, Нұр Отан партиясының мақтау қағаздарымен және өз атынан алғыс хаттармен марапаттады. Бұл күні орталықта ұзақ жылдар бойы абыроймен қызмет атқарған ардагерлерде де назардан тыс қалмады. Кештің құрметті қонағы ретінде шақырылған 7 ардагерге гүл шоқтары мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Кеш соңында орталықтыңбас дәрігері сахнаға шығып тосын сый жасады. Дамир Абайділдәұлы орталықтың барлық нәзік жанды қызметкерлеріне арнап жанды дауыспен «Ана туралы жыр» орындап берді.

Толығырақ
01.02.2018ж.
3 -ші ақпан күні Алматы онкология орталығының емханасында Ашық есік күні өтеді.

3 -ші ақпан күні Алматы онкология орталығының емханасында және қаламыздың басқада емханаларында Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күнінің аясында Ашық есік күні өтеді. Бұл күні таңғы сағат 9:00 ден 13:00 ге дейін онкомаммолог, онкоуролог және онкохирург мамандар барлық адамдарды тегін қабылдап, тексеріп, денсаулық мәселелері бойынша кеңес береді.

Толығырақ

барлық

Сатып алулар

25.08.2015ж.
Мемлекеттік сатып алу жоспары

ШЖҚ «Алматы онкологиялық орталығы» МКК мемлекеттік сатып алулар жоспары, 2015 жыл

Толығырақ
25.08.2014ж.
Мемлекеттік сатып алу қорытындысы

 Қорытынды хаттамасы 755776-2

Толығырақ

барлық

Категория 4

04.05.2017ж.
Қатерлі ісіктен қалай сақтандырамыз?

Елімізде соңғы жылдары денсаулық сақтау жүйесін, оның ішінде онкологиялық қызметті жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. «Қазақстан Респуб­ли­­касында онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру Қазақстан­да онкологиялық қызметтің әлеуетін ішінара ны­ғайтуға, нарықтық тетік элементтерін енгізуге, замана­уи медициналық технология трансфертін іске асыруға, ж­е­келеген онкологиялық диспансерлердің материалдық-тех­ни­калық базасын нығайтуға, обырдың ерте диагностикасы бой­ынша заманауи әдістерді енгізуге, кадрлар даярлауға ық­пал етті.Соңғы 5 жылда бағдарламаны іске асыруға 200 млрд теңгеге жу­ық қаражат жұмсалды. Бі­рақ, қабылданған бағдарлама нә­­тижесінде Қазақстанда он­ко­­логиялық қызметті жақ­сар­ту­дың жақсы жақтары орын алғ­а­ны­мен, көптеген мәселелер әлі шешімін таппай отыр. Бар­лық облыстық диспансер­лер шаруашылық жүргізу құ­қы­ғын­д­ағы мемлекеттік кәсіпорын мәр­­тебесін ала алмауда. Онко­ло­гиялық науқасты емдеу құ­ны­ның тарифтері әр­тү­р­лі, он­ко­ло­гиялық диспансерлерді жаб­ды­қтаудың бірыңғай стандарты анық­талмаған, цитостатиктерді орта­­­лық­тандырылған ері­ту ка­би­неттері бар­л­ық жерде аш­ы­л­­­маған. Қазіргі уақыт­та ем қа­былдап жатқан онко­ло­гия­лық нау­қастар санына орай онк­ологиялық қыз­мет­­ті қар­жы­лан­дыру (науқастар саны өс­­­кен сайын қаржыландыру өсе­ді) өзін өзі ақтамай, қызметті же­тіл­­діруге ықпал ете алмауда. Өй­т­кені, қаржыландыруды ұл­­ғай­­ту мақсатында әр мекеме бас­шы­сы есепке алынған онко­ло­гиялық нау­қас санын өсіруге ты­рыс­ады. Ал бұл ме­ди­ци­налық кө­мек сапасына да, ста­тис­ти­ка­ның дұрыстығына да, жалпы он­ко­­логиялық қызметті дамытуға ке­рі әсерін тигізеді. Тағы бір айта кететін жайт, бағ­дарлама аясында скрининг жүр­гізуге қомақты қа­ражат бө­лінгенмен, қатерлі ісікті анық­тау кө­лемі айтарлықтай ұл­ғай­мағ­ан. Бүгінде скринингтің осы әдіс­те­рінің тиімділігі туралы бір­­қа­­тар мәселе орын алып отыр. Мә­­­­с­елен, 2016 жылы мемле­кетте өңеш, ас­қазан, жатыр мойны, ко­­л­о­ректалдық обыр, қуықасты бе­зі, ге­па­тоц­ел­лю­лярлық обыр­дың 6 локали­за­циясы бой­ынша скрини­нг жүр­гізілді. Тексерілген 1 988 662 адамнан скрининг бойын­ша тек 2015-нен онкологиялық науқ­ас анықталды. Бұл барлық тек­серілгендердің 0,1 пайызын құрап, онкологиялық ау­руларды анықтау көр­с­ет­кішінің төм­ен­дігін және скри­нинг кезін­де бюджеттік қаражаттың тиім­сіз жұм­салғанын көрсетіп отыр. Ск­рининг бастапқы медико-са­нитарлық кө­мек (БМСК) ма­ман­дарының көмегімен жүр­гі­­з­ілетіндіктен, ұйымдастыру мә­се­лелерін дұ­­рыс шешіп, сондай-ақ, ск­ри­нингке қа­тысушылардың кә­сіби деңгейін жо­ға­ры­л­ату қа­жет еді. Десек те, онкологиялық кө­мек­ті же­тіл­діру бойынша жүр­гі­зілетін іс-шаралар тиім­ділігінің жет­кіліксіздігін мына деректерден де көруге болады. Мәселен, елімізде өлім көр­сеткіші бой­ынша қатерлі ісік­тен қайтыс болғандар 2-ші орын­да тұр (12,1 пайыз). Жыл сай­ын елімізде 17 мыңға жуық адам қайтыс болса, оның 16,9 пай­ызын өкпе обыры құ­рай­ды. Жал­пы, қатерлі ісіктерден болатын ауру көрсеткіші де өсіп, 9,7 пайызға жет­кен. Осы ретте, онкологиялық кө­­­мек­ті да­мы­тудың 2012-2016 жыл­­дарға арналған бағ­дар­ла­ма­сын іске асыру нәтижесі ха­лық пен медициналық қоғам арасында кеңі­нен талқыланбағанын атап өткен жөн. Халыққа көрсетілетін он­кологиялық кө­мек­ті дамыту үшін бұл бағдарламаны қа­б­ыл­дау тиімділігі мен қанша қаражат жұм­салғаны белгісіз. Десек те, 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мем­лекеттік бағ­дар­ламасында онколо­гия елі­міз­де денсаулық сақтауды да­мы­туд­ың 5 басымдығының бірі ре­­тінде анық­талған. Онкология – бұл муль­ти­пән­дік сала, науқасты емдеу ке­з­інде әр­түр­лі сала мамандары қаты­са­­ды: хирур­гтер, химиотерапевтер, әр ба­ғыттағы терапевтер, сәулелік терапия дә­­рі­герлері, диагностикалық құ­рал­дарда жұ­мыс істей­тін ма­манд­ар, психологтар, әлеу­мет­тік қызметкерлер. Яғни, адамның өмір сү­ру ұзақтығы мамандардың дұрыс қойған диаг­ноз­дарына, кәсіби шеберліктеріне, ем­ді дұрыс бастап, емдеу кезеңін дұрыс таң­дауына байланысты. Қазақстанда диспансерлік әдіс­­терге негіз­делген онко­ло­гия­лық қызметті ұй­ым­­дас­тыру ұс­танымдары өзін ақ­та­­ғанын атап өткеніміз жөн. Бұл қа­тер­лі ісікпен ауыратын нау­қас­­тар­ға мамандандырылған м­е­ди­циналық көмек көрсетілуін қам­­та­масыз етеді. Алайда, бізді Міндетті әлеу­­меттік ме­ди­циналық сақ­тан­дыру (МӘМС) жүйе­сі аясын­да онкологиялық қыз­метті жүр­гізу барысы алаң­да­тады. Мы­салы, Ресейде онко­логиялық нау­қас­тар­ды кез келген көп салалы клиника емдей алады. Өңірлердегі ауру­ха­налар онкологиялық нау­қас­тар­ды қа­былдай береді. Се­бе­бі, оларға міндетті меди­ци­на­лық сақтандыру бойынша ақ­ша төленеді. Ал рецидив­терге опе­рация қажет керек болса, он­кологиялық орта­лық­тарда жа­­са­лады. Ал біздің тә­жі­ри­бе­міз­де жал­пы емдеу жүр­гі­зе­тін ме­ди­циналық ұйым­дар­да, жеке клиникаларда, шетелде операция жасалып, науқастың ас­қынумен келу жағ­дай­лары көптеп орын алған. Елімізде МӘМС жүйесінің ен­гі­­зі­луі және көп салалы хиру­ргиялық ста­ционарлар, оның ішінде жекеменшік кли­ни­ка­лардың онконауқастарға опе­ра­ция жасауға рұқсат алуы обыр­дың ас­қы­нуының өсуіне әке­луі мүмкін. Сөйтіп, көп жыл­дар бойы жолға қойылған жүй­ені жо­ғалтып алуымыз мүм­кін. МӘМС жа­ғ­дайында он­ко­логиялық қызметті дамы­ту үшін қаржыландырудың ны­­­саны мен тү­рі маңызға ие. МӘМС шеңберінде он­коло­гия­­лық қызметті дамытуды қар­­­­жы­ландыру тетігі әлі жасала қойған жоқ. Он­кологиялық нау­­қастарға операция ж­асауға рұқ­­сат берілетін медициналық ұй­­ым­­­дарды аккредиттеу талап­тары қатаң бо­луы қажет. Бар­лық рецидив жағдайлары ден­сау­лық сақтау басқармасы дең­гей­інде қа­таң қаралып, лицензия­сын алуға дейінгі ша­ралар қо­л­да­нылуы тиіс. Сондай-ақ, онкологиялық нау­қастарға үш деңгейлі ме­д­и­­ци­налық көмек көрсету идея­­сын қол­даймыз. Елі­мізде он­ко­логия­ны нақты өңір­лен­ді­ру (регионали­зация) саланы ай­тарлықтай же­тіл­діруге мүм­кін­дік береді, ма­ман­дардың к­ә­сі­би деңгейін жо­ғарылатады, за­манауи құрал­дар­ды тиімді пай­далануға, жаңа техноло­гия­ны жылдам енгізуге, әр дең­гейде ме­д­и­циналық көмек көрсету стандарттарын әзір­леуге ықпал етеді. Мысалы, ұйқы бе­зінің обыры сияқты қа­тер­лі ауру сирек кез­деседі. Ал оны диагностикалаудың өзін­дік қиындықтары бар, опера­циялар да сирек жасалады, яғни асқыну мен рецидивтер жиі болады, тиісінше өлім көр­сеткіші де жоғары. Нау­қас­ты уақтылы 3 деңгейде емдеу медициналық көмек сапасын жоғарылатуға, адам өмірін ұзартуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда медициналық көмек көрсетуді 3 деңгейге бөлу cипаты көбіне орындалмайды, бұл ем­деу сапасына әсер етеді. Сондықтан онко­логиялық нау­қастарға медициналық кө­мек­ті үш деңгейлі көрсету заң­мен бек­іті­луі керек. Қалай дегенде де, әлеу­метт­ік маңызы бар ауруларға жа­татындықтан онкология қызметін қазіргі қалпында сақтап, қыз­метті қаржыландыруды мемлекет есе­бінен жүзеге асыру қажет деп санай­мыз. Өйткені, бүгінде медициналық ұй­ымдардың бір­қатарын шетелдік ин­вес­тор­ларға бе­ру мәселесі көтеріліп отыр. Бұл онкология қызметіне де қа­ты­с­ты болуы мүмкін. Сондай-ақ, бірінші кезекте пациент­тің, медициналық қыз­меткердің, мем­ле­кетт­ің мүддесін қорғап, барлық жұ­мыс та­лаптарын анықтауды ұсы­намын. Инвес­тор­­ларға мем­ле­кетт­ік тапсырысты алып, обыр­­дың күрделі формаларын диа­гнос­­тикалау мен емдеу жүр­гізіп, заманауи ме­ди­циналық құра­лдармен жабдықталған 4 облысаралық онкология орта­лы­ғын (оң­түстік, солтүстік, шы­ғыс, батыс) ашуды ұсынуға болады. Бұл орталықтарда жалпы емдеу саласы мамандарына обырды ерте диагностикалау бойынша үздіксіз оқулар жүр­гіз­у қажет. Инвесторларды елі­мі­з­де жоқ технологияларды енг­ізуге, мамандар­ды бұл тех­но­­логияларға оқытуға, ме­ди­­ци­нал­ық мақсаттағы бұй­ым­дар­ды сатып алу кезінде отандық өнімдерді алуға мін­детт­еу керек.  Жастардың онкология жөн­інде сау­ат­тылығын жоғары­ла­­ту бағдарламасын әзір­леу қа­жет. Бұл аурудың асқынған са­тысында онкопатологияның тө­мендеуіне әкеледі. Сондай-ақ, «Онкология» мем­ле­кет­тік ұлттық бағдарламасын әзір­леуді қа­жет деп санаймыз. Он­да онкологиялық қызмет мә­селелерін шешу тәсілдері мульти­пәндік болуы қажет, ден­саулық сақтау саласының қыз­меткерлері, мемлекеттік жә­не жергілікті басқару орган­дары, қоғамдық ұйымдар осы ма­ңызды мәселені шешуде бір­­лесіп күш жұмсауы керек. Яғ­ни, бағдарламаның негізгі ма­қ­са­ты – стратегияны анықтау жә­не онкологиялық аурулар мен нау­қа­стардың өлім көрсеткішінің өсу қарқынын төмендету үшін обы­рға қарсы күрестің негізгі ба­ғыттарын анықтау, емдеу са­пасын, медициналық және әлеу­меттік-еңбекпен сауықтыру ем­дерін жақсарту. Денсаулық сақтау министрі­нің тапсырмасы бойынша әзір­ле­нген «100 мәселе – 100 шешім – 100 күн» әлеуметтік жобасы аясында денсаулық сақтау мә­се­лелерін шешу жөніндегі қысқа мер­зімді іс-шаралар жоспары онкологиялық аурулардан қа­уіп­тену, қатерлі ісіктерді ерте диагностикалау, онкологиялық аурулардан болатын өлімді төмендету мәселелері бойынша халықтың сауаттылығын арттырары сөзсіз. Дамир ДӘУЛЕТБАЕВ, Алматы қалалық онкологиялық орталығының бас дәрігері, медицина ғылымдарының докторы

Толығырақ

барлық

Сұрақ-жауап

Сұрақ: Сәлеметсіз бе, 2007 жылы анамның сүт безін алып тастады. 2011 жылы қалқанша безіне операция жасалды. 2013 жылы көкбауырын алып тастады. Химиялық терапиядан да, сәулелік терапиядан да өтпеді... Биылғы жылғы анализ қорытындысына қарап дәрігерлер омыртқасында метастаз бар екенін жоққа шығармайды. Сәулемен және химиямен емдеу керек деп шешті. Бұл ем-шараларды емханаңызда өтуге бола ма? Қазір оның жасы 61-де. Оның әлі де ұзақ өмір сүргенін қалаймын((((((( Өтінемін, көмектесіңіздер!!!

Жауап: Анаңызға сауатты кеңес беріп, дұрыс терапия тағайындау мәселесін шешу, сондай-ақ Алматы онкологиялық орталығында емделуді қарастыру үшін, алдыңғы ем туралы толық ақпарат, яғни жасалған операциялардың гистология деректері, барлық тексерістер мен дұрыс қойылған диагноз деректерінің көшірмелері, т.б. керек. Егер осы ақпаратты біздің орталықтың дәрігерлеріне беру мүмкіндігіңіз болса, анаңызды бақылау және емдеу әдісін дұрыс анықтай аламыз.

Толтырылуы міндетті ұяшықтар жұлдызшамен * белгіленген
Кездейсоқ сан
Төрт таңбалы сан еңгiзiңiз