Жаңалыктар

07.03.2018ж.
Алматы онкология орталығының қызметкерлері 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін атап өтті.

06.03.2018ж. Алматы онкология орталығының қызметкерлері 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін атап өтті. Алматыдағы Ғалымдар үйінде өткен мерекелі жиынға тек орталықтың қазіргі кездегі қызметкерлері емес, сонымен қатар ұзақ жыл Алматы онкология орталығында қызмет қылып зейнетке шыққан медицина қызметкерлері де жиналды. Атаулы іс-шараға арнайы келген Рамазан Стамғазиев, Құдайберген Бекіш сынды өнер азаматтары ақ халатты әсем аруларға арнап ән шырқады. Алматы онкология орталығының бас дәрігері, м.ғ.д. Даулетбаев Дамир Абайділдәұлы сахнаға шығып ерекше көзге түскен медициналық қызметкерлерді қала әкімінің алғыс хаттарымен, Нұр Отан партиясының мақтау қағаздарымен және өз атынан алғыс хаттармен марапаттады. Бұл күні орталықта ұзақ жылдар бойы абыроймен қызмет атқарған ардагерлерде де назардан тыс қалмады. Кештің құрметті қонағы ретінде шақырылған 7 ардагерге гүл шоқтары мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Кеш соңында орталықтыңбас дәрігері сахнаға шығып тосын сый жасады. Дамир Абайділдәұлы орталықтың барлық нәзік жанды қызметкерлеріне арнап жанды дауыспен «Ана туралы жыр» орындап берді.

Толығырақ
01.02.2018ж.
3 -ші ақпан күні Алматы онкология орталығының емханасында Ашық есік күні өтеді.

3 -ші ақпан күні Алматы онкология орталығының емханасында және қаламыздың басқада емханаларында Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күнінің аясында Ашық есік күні өтеді. Бұл күні таңғы сағат 9:00 ден 13:00 ге дейін онкомаммолог, онкоуролог және онкохирург мамандар барлық адамдарды тегін қабылдап, тексеріп, денсаулық мәселелері бойынша кеңес береді.

Толығырақ

барлық

Сатып алулар

25.08.2015ж.
Мемлекеттік сатып алу жоспары

ШЖҚ «Алматы онкологиялық орталығы» МКК мемлекеттік сатып алулар жоспары, 2015 жыл

Толығырақ
25.08.2014ж.
Мемлекеттік сатып алу қорытындысы

 Қорытынды хаттамасы 755776-2

Толығырақ

барлық

Категория 4

04.05.2017ж.
Қатерлі ісіктен қалай сақтандырамыз?

Елімізде соңғы жылдары денсаулық сақтау жүйесін, оның ішінде онкологиялық қызметті жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. «Қазақстан Респуб­ли­­касында онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру Қазақстан­да онкологиялық қызметтің әлеуетін ішінара ны­ғайтуға, нарықтық тетік элементтерін енгізуге, замана­уи медициналық технология трансфертін іске асыруға, ж­е­келеген онкологиялық диспансерлердің материалдық-тех­ни­калық базасын нығайтуға, обырдың ерте диагностикасы бой­ынша заманауи әдістерді енгізуге, кадрлар даярлауға ық­пал етті.Соңғы 5 жылда бағдарламаны іске асыруға 200 млрд теңгеге жу­ық қаражат жұмсалды. Бі­рақ, қабылданған бағдарлама нә­­тижесінде Қазақстанда он­ко­­логиялық қызметті жақ­сар­ту­дың жақсы жақтары орын алғ­а­ны­мен, көптеген мәселелер әлі шешімін таппай отыр. Бар­лық облыстық диспансер­лер шаруашылық жүргізу құ­қы­ғын­д­ағы мемлекеттік кәсіпорын мәр­­тебесін ала алмауда. Онко­ло­гиялық науқасты емдеу құ­ны­ның тарифтері әр­тү­р­лі, он­ко­ло­гиялық диспансерлерді жаб­ды­қтаудың бірыңғай стандарты анық­талмаған, цитостатиктерді орта­­­лық­тандырылған ері­ту ка­би­неттері бар­л­ық жерде аш­ы­л­­­маған. Қазіргі уақыт­та ем қа­былдап жатқан онко­ло­гия­лық нау­қастар санына орай онк­ологиялық қыз­мет­­ті қар­жы­лан­дыру (науқастар саны өс­­­кен сайын қаржыландыру өсе­ді) өзін өзі ақтамай, қызметті же­тіл­­діруге ықпал ете алмауда. Өй­т­кені, қаржыландыруды ұл­­ғай­­ту мақсатында әр мекеме бас­шы­сы есепке алынған онко­ло­гиялық нау­қас санын өсіруге ты­рыс­ады. Ал бұл ме­ди­ци­налық кө­мек сапасына да, ста­тис­ти­ка­ның дұрыстығына да, жалпы он­ко­­логиялық қызметті дамытуға ке­рі әсерін тигізеді. Тағы бір айта кететін жайт, бағ­дарлама аясында скрининг жүр­гізуге қомақты қа­ражат бө­лінгенмен, қатерлі ісікті анық­тау кө­лемі айтарлықтай ұл­ғай­мағ­ан. Бүгінде скринингтің осы әдіс­те­рінің тиімділігі туралы бір­­қа­­тар мәселе орын алып отыр. Мә­­­­с­елен, 2016 жылы мемле­кетте өңеш, ас­қазан, жатыр мойны, ко­­л­о­ректалдық обыр, қуықасты бе­зі, ге­па­тоц­ел­лю­лярлық обыр­дың 6 локали­за­циясы бой­ынша скрини­нг жүр­гізілді. Тексерілген 1 988 662 адамнан скрининг бойын­ша тек 2015-нен онкологиялық науқ­ас анықталды. Бұл барлық тек­серілгендердің 0,1 пайызын құрап, онкологиялық ау­руларды анықтау көр­с­ет­кішінің төм­ен­дігін және скри­нинг кезін­де бюджеттік қаражаттың тиім­сіз жұм­салғанын көрсетіп отыр. Ск­рининг бастапқы медико-са­нитарлық кө­мек (БМСК) ма­ман­дарының көмегімен жүр­гі­­з­ілетіндіктен, ұйымдастыру мә­се­лелерін дұ­­рыс шешіп, сондай-ақ, ск­ри­нингке қа­тысушылардың кә­сіби деңгейін жо­ға­ры­л­ату қа­жет еді. Десек те, онкологиялық кө­мек­ті же­тіл­діру бойынша жүр­гі­зілетін іс-шаралар тиім­ділігінің жет­кіліксіздігін мына деректерден де көруге болады. Мәселен, елімізде өлім көр­сеткіші бой­ынша қатерлі ісік­тен қайтыс болғандар 2-ші орын­да тұр (12,1 пайыз). Жыл сай­ын елімізде 17 мыңға жуық адам қайтыс болса, оның 16,9 пай­ызын өкпе обыры құ­рай­ды. Жал­пы, қатерлі ісіктерден болатын ауру көрсеткіші де өсіп, 9,7 пайызға жет­кен. Осы ретте, онкологиялық кө­­­мек­ті да­мы­тудың 2012-2016 жыл­­дарға арналған бағ­дар­ла­ма­сын іске асыру нәтижесі ха­лық пен медициналық қоғам арасында кеңі­нен талқыланбағанын атап өткен жөн. Халыққа көрсетілетін он­кологиялық кө­мек­ті дамыту үшін бұл бағдарламаны қа­б­ыл­дау тиімділігі мен қанша қаражат жұм­салғаны белгісіз. Десек те, 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мем­лекеттік бағ­дар­ламасында онколо­гия елі­міз­де денсаулық сақтауды да­мы­туд­ың 5 басымдығының бірі ре­­тінде анық­талған. Онкология – бұл муль­ти­пән­дік сала, науқасты емдеу ке­з­інде әр­түр­лі сала мамандары қаты­са­­ды: хирур­гтер, химиотерапевтер, әр ба­ғыттағы терапевтер, сәулелік терапия дә­­рі­герлері, диагностикалық құ­рал­дарда жұ­мыс істей­тін ма­манд­ар, психологтар, әлеу­мет­тік қызметкерлер. Яғни, адамның өмір сү­ру ұзақтығы мамандардың дұрыс қойған диаг­ноз­дарына, кәсіби шеберліктеріне, ем­ді дұрыс бастап, емдеу кезеңін дұрыс таң­дауына байланысты. Қазақстанда диспансерлік әдіс­­терге негіз­делген онко­ло­гия­лық қызметті ұй­ым­­дас­тыру ұс­танымдары өзін ақ­та­­ғанын атап өткеніміз жөн. Бұл қа­тер­лі ісікпен ауыратын нау­қас­­тар­ға мамандандырылған м­е­ди­циналық көмек көрсетілуін қам­­та­масыз етеді. Алайда, бізді Міндетті әлеу­­меттік ме­ди­циналық сақ­тан­дыру (МӘМС) жүйе­сі аясын­да онкологиялық қыз­метті жүр­гізу барысы алаң­да­тады. Мы­салы, Ресейде онко­логиялық нау­қас­тар­ды кез келген көп салалы клиника емдей алады. Өңірлердегі ауру­ха­налар онкологиялық нау­қас­тар­ды қа­былдай береді. Се­бе­бі, оларға міндетті меди­ци­на­лық сақтандыру бойынша ақ­ша төленеді. Ал рецидив­терге опе­рация қажет керек болса, он­кологиялық орта­лық­тарда жа­­са­лады. Ал біздің тә­жі­ри­бе­міз­де жал­пы емдеу жүр­гі­зе­тін ме­ди­циналық ұйым­дар­да, жеке клиникаларда, шетелде операция жасалып, науқастың ас­қынумен келу жағ­дай­лары көптеп орын алған. Елімізде МӘМС жүйесінің ен­гі­­зі­луі және көп салалы хиру­ргиялық ста­ционарлар, оның ішінде жекеменшік кли­ни­ка­лардың онконауқастарға опе­ра­ция жасауға рұқсат алуы обыр­дың ас­қы­нуының өсуіне әке­луі мүмкін. Сөйтіп, көп жыл­дар бойы жолға қойылған жүй­ені жо­ғалтып алуымыз мүм­кін. МӘМС жа­ғ­дайында он­ко­логиялық қызметті дамы­ту үшін қаржыландырудың ны­­­саны мен тү­рі маңызға ие. МӘМС шеңберінде он­коло­гия­­лық қызметті дамытуды қар­­­­жы­ландыру тетігі әлі жасала қойған жоқ. Он­кологиялық нау­­қастарға операция ж­асауға рұқ­­сат берілетін медициналық ұй­­ым­­­дарды аккредиттеу талап­тары қатаң бо­луы қажет. Бар­лық рецидив жағдайлары ден­сау­лық сақтау басқармасы дең­гей­інде қа­таң қаралып, лицензия­сын алуға дейінгі ша­ралар қо­л­да­нылуы тиіс. Сондай-ақ, онкологиялық нау­қастарға үш деңгейлі ме­д­и­­ци­налық көмек көрсету идея­­сын қол­даймыз. Елі­мізде он­ко­логия­ны нақты өңір­лен­ді­ру (регионали­зация) саланы ай­тарлықтай же­тіл­діруге мүм­кін­дік береді, ма­ман­дардың к­ә­сі­би деңгейін жо­ғарылатады, за­манауи құрал­дар­ды тиімді пай­далануға, жаңа техноло­гия­ны жылдам енгізуге, әр дең­гейде ме­д­и­циналық көмек көрсету стандарттарын әзір­леуге ықпал етеді. Мысалы, ұйқы бе­зінің обыры сияқты қа­тер­лі ауру сирек кез­деседі. Ал оны диагностикалаудың өзін­дік қиындықтары бар, опера­циялар да сирек жасалады, яғни асқыну мен рецидивтер жиі болады, тиісінше өлім көр­сеткіші де жоғары. Нау­қас­ты уақтылы 3 деңгейде емдеу медициналық көмек сапасын жоғарылатуға, адам өмірін ұзартуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда медициналық көмек көрсетуді 3 деңгейге бөлу cипаты көбіне орындалмайды, бұл ем­деу сапасына әсер етеді. Сондықтан онко­логиялық нау­қастарға медициналық кө­мек­ті үш деңгейлі көрсету заң­мен бек­іті­луі керек. Қалай дегенде де, әлеу­метт­ік маңызы бар ауруларға жа­татындықтан онкология қызметін қазіргі қалпында сақтап, қыз­метті қаржыландыруды мемлекет есе­бінен жүзеге асыру қажет деп санай­мыз. Өйткені, бүгінде медициналық ұй­ымдардың бір­қатарын шетелдік ин­вес­тор­ларға бе­ру мәселесі көтеріліп отыр. Бұл онкология қызметіне де қа­ты­с­ты болуы мүмкін. Сондай-ақ, бірінші кезекте пациент­тің, медициналық қыз­меткердің, мем­ле­кетт­ің мүддесін қорғап, барлық жұ­мыс та­лаптарын анықтауды ұсы­намын. Инвес­тор­­ларға мем­ле­кетт­ік тапсырысты алып, обыр­­дың күрделі формаларын диа­гнос­­тикалау мен емдеу жүр­гізіп, заманауи ме­ди­циналық құра­лдармен жабдықталған 4 облысаралық онкология орта­лы­ғын (оң­түстік, солтүстік, шы­ғыс, батыс) ашуды ұсынуға болады. Бұл орталықтарда жалпы емдеу саласы мамандарына обырды ерте диагностикалау бойынша үздіксіз оқулар жүр­гіз­у қажет. Инвесторларды елі­мі­з­де жоқ технологияларды енг­ізуге, мамандар­ды бұл тех­но­­логияларға оқытуға, ме­ди­­ци­нал­ық мақсаттағы бұй­ым­дар­ды сатып алу кезінде отандық өнімдерді алуға мін­детт­еу керек.  Жастардың онкология жөн­інде сау­ат­тылығын жоғары­ла­­ту бағдарламасын әзір­леу қа­жет. Бұл аурудың асқынған са­тысында онкопатологияның тө­мендеуіне әкеледі. Сондай-ақ, «Онкология» мем­ле­кет­тік ұлттық бағдарламасын әзір­леуді қа­жет деп санаймыз. Он­да онкологиялық қызмет мә­селелерін шешу тәсілдері мульти­пәндік болуы қажет, ден­саулық сақтау саласының қыз­меткерлері, мемлекеттік жә­не жергілікті басқару орган­дары, қоғамдық ұйымдар осы ма­ңызды мәселені шешуде бір­­лесіп күш жұмсауы керек. Яғ­ни, бағдарламаның негізгі ма­қ­са­ты – стратегияны анықтау жә­не онкологиялық аурулар мен нау­қа­стардың өлім көрсеткішінің өсу қарқынын төмендету үшін обы­рға қарсы күрестің негізгі ба­ғыттарын анықтау, емдеу са­пасын, медициналық және әлеу­меттік-еңбекпен сауықтыру ем­дерін жақсарту. Денсаулық сақтау министрі­нің тапсырмасы бойынша әзір­ле­нген «100 мәселе – 100 шешім – 100 күн» әлеуметтік жобасы аясында денсаулық сақтау мә­се­лелерін шешу жөніндегі қысқа мер­зімді іс-шаралар жоспары онкологиялық аурулардан қа­уіп­тену, қатерлі ісіктерді ерте диагностикалау, онкологиялық аурулардан болатын өлімді төмендету мәселелері бойынша халықтың сауаттылығын арттырары сөзсіз. Дамир ДӘУЛЕТБАЕВ, Алматы қалалық онкологиялық орталығының бас дәрігері, медицина ғылымдарының докторы

Толығырақ

барлық

Орталық туралы

Орталық жетекшісі —  медицина ғылымдарының докторы, денсаулық саласының үздіктеріне берілетін мемлекеттік «Алтын дәрігер» құрметті атағының иегері  Даулетбаев Дамир Абайділдаұлы.

ШЖҚ «Алматы онкологиялық орталығы» МКК онкологиялық сырқаттарға шалдыққан науқастарға медициналық көмек көрсетеді.

Қазіргі кезде Орталықта 477 адам жұмыс істейді, оның 95-і дәрігер,8 медицина ғылымдарының кандидаты, 350 орта және кіші медициналық қызметкер бар. Дәрігерлердің 50 % мамандығы бойынша біліктілік санаттарына ие.

Біздің Орталық медициналық көмекті кепілді көлем аясында сырқаттарға тегін де, ақылы да көрсетеді.

Ең заманауи жабдықтар арқасында біздің емханада ісіктердің ең ерте кезеңінде қатерлі ісік диагностикасын жүргізуге болады.

Нейрохирургиядан басқа кез келген онкологиялық ауру кезінде ота қызметтерінің барлық түрлерін көрсетеміз. Бұл ретте басты мақсатымыз — ісікті түбегейлі жою ғана емес, өмір сапасын барынша сақтау, зақымдалған мүшенің қызметін ауыстыру немесе қалпына келтіру.

Орталықта төмендегідей ең күрделі диагностикалық рәсімдер жүргізіледі: асқазан және ішек жолының ісіктерінің биопсиясы, соның ішінде бауыр мен ұйқы безінің және ішперде артындағы лимфа түйіндерінің, зәр шығару жүйесі мүшелерінің УДЗ және КТ бақылауы арқылы орындалатын биопсиясы, сүт безі ісіктері мен репродуктивті жүйе ісіктерінің биопсиясы мен трепанобиопсиясы, эндоскопиялық зерттеулер, КТ диагностикасы, өкпе және көкірекорта ісіктерінің трансторакальды биопсиямен торакоскопия, лапароскопия.

Қатерлі өскіндері бар науқастар көп дисциплинарлы топ (КДТ) қатысуымен арнайы түрде емделеді. Ол топқа онкологиялық бағыттағы хирург дәрігер, химиотерапевт, сәуле терапевті және сәуле диагностикасының маманы кіреді. КДТ емдеу әдістерін таңдау туралы шешім қабылдайды.

Білімді жетілдіру мен дәрігерлер біліктілігін арттыруға, онкологиялық ауруларды емдеудің Еуропалық стандарттарға сай келетін жаңа технологияларын енгізуге ерекше мән беріледі.

Онкологияның өзекті мәселелері бойынша үнемі мастер-кластар өткізіледі, қиыр шетелдің (Оңтүстік Корея, Франция, Германия, т.б.) ғалымдарымен бірлескен ғылыми зерттеулер жүзеге асырылады. Соңғы үш жылда Орталық қызметкерлері 30-дан астам жұмысы басылды, конгрестер, халықаралық форумдар, симпозиумдар, конференциялар, семинарлар мен мектептерде баяндамалар ұсынылды.

Молекулярлық биология және генетика институтымен бірге молекулярлық және генетикалық маркерлердің, яғни мутациясы эндометрий, сүт безі қатерлі ісігінің, коло-ректалды қатерлі ісіктің жетілуіне қатысты жоғары қауіппен байланысты болған гендердің рөлін зерттеуге арналған ғылыми зерттеулер жүргізіледі.

Медициналық ғылым және кадрларды дайындау саласында халықаралық ынтымақтастық аясы кеңейтілді. 2011-2014 ж. аралығында Кореяның Сувон қаласындағы Әулие Винсент атындағы Католиктік университеттің госпиталімен және Густав Росси атындағы онкология институтымен (Франция) ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Қазіргі кезде онкологиялық орталық Еуропалық жатыр мойны қатерлі ісігімен күресу ассоциациясының (ЕССА), Халықаралық қатерлі ісікпен күресу одағының (UICC), Еуразиялық онкология федерациясының (EAFO) және Еуразиялық бас және мойын ісіктері қоғамының (EASHNO), Еуропалық медициналық онкология қоғамының (ESMO), Азиялық ұлттық онкологиялық орталықтардың альянсының (ANCCA) және Америкалық емханалық онкология қоғамының (ASCO) тұрақты мүшесі болып табылады. Бұдан былай да халықаралық стандарттарға сай болатын емдеу мен диагностика протоколдарын әзірлеу үшін бірігіп жұмыс атқару керек.

Алматы онкологиялық орталығы — Интраоперациялық сәуле терапиясы (ИОСТ) инновациялық әдісі қолданылатын Қазақстандағы алғашқы емхана. ИОСТ кезінде ісіктің микроскоптық ошақтарын жою ниетімен операция кезінде иондаушы сәуленің көп мөлшері ісік ұясына түсіріледі. Бұл емнің басқа әдістермен салыстырғанда тиімділігін арттырады. INTRABEAM — рентгендік-терапевтік, интраоперациялық жүйе; қазіргі кезде сүт безі қатерлі ісігінің радиотерапиясы үшін қолданылады. Біраз уақыттан соң сүт безінің басқа бөлігінде аурудың рецидиві орын алса, бұл әдіс осы рәсімді қайталауға мүмкіндік береді. Омырауды сәулендірудің дәстүрлі әдісі тұтас мастэктомияға (сүт безін алып тастауға арналған хирургиялық ота) әкеп соғады.

LIAC (Италия) — әр түрлі жерде орналасқан ісіктерді интраоперациялық сәулелі терапияға арналған мобильді электрон үдеткіші.

Химиялық дәрі-дәрмектердің қамтамасыз етілуі жақсарды. Ісіктермен күресудің арнайы дәрілік емдері жүргізілуде, оған Қазақстан Республикасындағы диагностика мен емдеудің қабылданған протоколдарына, сондай-ақ ESMO, ASCO емханалық кеңестеріне сай жоғары кәсіби деңгейдегі цитостатикалық, таргетті, гормондық терапия кіреді.

Онкологиялық орталық — С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Онкология, маммология және сәулемен емдеу» кафедрасы мен ҚазМҮББУ «Анестезиология және реаниматология» кафедрасының емханалық базасы.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев қорының қолдауымен 2008 жылы «Қатерлі ісікке қарсы бірге күресу» қоғамдық қоры құрылды.

6 жыл бойы «Қатерлі ісікке қарсы бірге күресу» ҚҚ ондаған түрлі шаралар өткізді, бұлар: дөңгелек үстелдер, мастер-кластар мен халықаралық конференциялар. Қор орталық мамандарына таяу және қиыр шетелге барып білім алуға көмектесті. Алматы онкологиялық орталығының барлық қызметкерлері қордың еріктілері болып табылады және барлық науқандарға белсене қатысады.

Құрметті емделушілер, біздің Орталықта әркез уақытылы тексерістен өтіп, қатерлі ісікке анализ тапсыруыңызға, қажетінше барлық жердегі қатерлі өскіндер мен ісік алды ауруларға тиімділігі жоғары, органды сақтап қалатын және қызметіне зиян келтірмейтін хирургиялық, дәрілік, біріккен және кешенді ем қабылдауыңызға болады.

Қорытындылай келе, Алматы онкологиялық орталығындағы диагностика, кешенді ем және кейінгі бақылау онкологиялық патологиясы бар емделушілердің толық сауығуына немесе ұзақ мерзімді ремиссияға үлкен мүмкіндік береді деуге болады.

Алматы онкологиялық орталығының тарихы

Алматы халқына онкологиялық көмек көрсету тарихы өткен ғасырдың 30-шы жылдарынан басталады, сол кезде Алматыда Мемлекеттік медициналық институт ашылды, онда бүкіл Кеңес одағының жетекші ғалымдары жұмыс істеді. Алматы онкологиялық орталығының негізін профессор Сызғанов Александр Николаевич қалаған.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Алматы қаласында жаралы солдаттарды емдеу үшін эвакуациялық госпитальдар пәтерлерге орналастырылды. Әскери дәрігерлер арасында онколог мамандар да болды, сондықтан бірінші қалалық емханадағы онкологиялық кабинет 40 төсек-орынды онкологиялық бөлімге айналды.

1947 жылы Алматыда Республикалық онкологиялық диспансер құрылды. Оны Поликарпов Сергей Владимирович (1947 және 1950 жылдар аралығында) басқарды, кейін оның орнын Замятин Сергей Иванович (1950 және 1951 жылдар аралығында) басты. Бұдан соң Корзун Алексей Александрович (1952 және 1963 жылдар аралығында) бас дәрігер болып сайланды.

1960 жылдың шілде айында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты құрылып, ол Алматы мен Республиканың басқа қалаларының тұрғындарына онкологиялық көмек көрсетуді жалғастырды. ҚазОжРҒЗИ алғашқы директоры Нұғыманов Сәкен Нұғыманұлы болды. Бұл жылдары онкологиялық ауруларды емдеу үшін алғаш рет сәулемен емдеу әдісі қолданыла бастады, оны сол кездегі жас ғалым, қазіргі академик, профессор Балмұханов Саим Балуанұлы қолға алды.

1951 жылы Алматы қ. денсаулық сақтау қалалық бөлімінің №260 бұйрығы бойынша бірінші қалалық аурухананың онкологиялық бөлімінің базасында Қалалық онкологиялық диспансер құрылды. Диспансердің алғашқы бас дәрігері Лобанова Нина Георгиевна (1951 және 1963 жылдар аралығында) болды. Республикалық онкологиялық диспансер және қалалық онкологиялық диспансер Қызыл Крест ауруханасының аумағындағы жағдайсыз бір қабатты ғимараттарда орналасқан.

1963 жылы Республикалық және қалалық онкологиялық диспансерлер 250 төсек-орынды Қалалық онкологиялық диспансерге бірікті, ол Өтепов көш. 3 мекенжайындағы 3 қабатты жаңа ғимаратқа орналасты.

1982 жылы төсек-орын қорының профилі өзгеріп, торокальды және химиотерапиялық бөлімдер ашылды. 1999 жылы Алматыда Қазақстан бойынша алғашқы инкурабельді онкологиялық науқастарға арналған 100 төсек-орынды Қалалық оңалту және паллиативтік көмек орталығы ашылды, ал 2011 жылы бұл мекемеде 10 төсек-орынға арналған балалар бөлімі ашылды.

Қалалық онкологиялық диспансердің алғашқы бас дәрігері Корзун Алексей Александрович (1963 және 1965 жылдар аралығында) болып тағайындалды, ал оның емдеу ісі бойынша орынбасары 1950 жылдан бастап Республикалық онкологиялық диспансерде дәрігер болып істеген Путерман Людмила Вениаминовна болды.

Бұдан соң бас дәрігер қызметін Жәрдемов Әліпқали Әлесұлы (1965-1969 жж.), Мұсабаева Мүкарама Әбдрахманқызы (1969-1982 жж.), Жамалдинов Жәлел Жамалдинұлы (1982-1984 жж.), Молдахметов Серік Қанапиянұлы (1986-1995 жж.), Ержанов Қайрат Жәмілұлы (1996-2006 жж.) атқарды.

Қазіргі кезде диспансерді медицина ғылымдарының докторы, жоғары біліктілік санатындағы онколог дәрігер, Еуропалық жатыр мойны қатерлі ісігімен күресу ассоциациясының (ЕССА) мүшесі, Халықаралық қатерлі ісікпен күресу одағының (UICC) 2010 жылдан бергі мүшесі, Еуразиялық онкология федерациясы (EAFO) және Еуразиялық бас және мойын ісігі бойынша қоғамның (EASHNO) мүшесі, Еуропалық медициналық онкология қоғамының (ESMO) және Америкалық емханалық онкология қоғамының (ASCO) мүшесі Қайдарова Диляра Радикқызы басқарып келеді.

Қалалық онкологиялық диспансердің ұйымдастыру және әдістемелік бөлімінің алғашқы меңгерушісі медицина ғылымдарының кандидаты Лапидус Надежда Аркадьевна (1951-1958 жж.) болды, одан кейін Башкирцева Софья Хабибовна (1958-1969 жж.), Дүйсенғалиев Байжан Дүйсенғалиұлы (1969-1973 жж., сондай-ақ 1982 және 1985 жж.), кейін Пусырманов Турлан Пусырманович (1973-1976 жж.), Вильцинг Валентина Александровна (1976-1982 жж.), Әзімбаева Лилия Нариманқызы (1986-2000 жж.), Әбеев Әбдіманап Әбейұлы (2001-2003 жж.), Садықова Сұлу Ғатаоллақызы (2003-2006 жж.). болды, содан бері Дүйсенғалиев Байжан Дүйсенғалиұлы (2005 жылдан қазірге дейін) басқарып келеді.

Қазіргі таңда 170 төсек-орынды стационары бар Қалалық онкологиялық диспансер торакальді және абдоминалды бөлімнен (50 төсек-орын), гинекологиялық бөлімнен (35 төсек-орын), маммологиялық бөлім (35 төсек-орын) және химиотерапиялық бөлімнен (50 төсек-орын) құрылған. Диспансер құрамында қалалық цитологиялық және эндоскопиялық орталықтар, емханалық және патоморфологиялық зертханалар қызмет көрсетеді. Бір ауысымда 175 келіп-кетуге арналған диспансердің поликлиникалық бөлімінде онкогинеколог, маммолог, онкоуролог, ЛОР-онколог мамандар қабылдау өткізіледі. Оған қоса науқастарды Алматының 19 аумақтық емханасында 14 аудандық онколог қабылдайды.

Қалалық онкология диспансерінде 300-ден астам қызметкер жұмыс істейді, олардың ішінде 2 медицина ғылымдарының докторы, 8 медицина ғылымдарының кандидаты, 17 жоғары санатты дәрігер, 6 бірінші санатты дәрігер және 6 екінші санатты дәрігер бар.

1963 жылдан бері Қалалық онкология диспансері Қазақ ұлттық медициналық университеті мен Алматы қаласының дәрігерлерді жетілдіру институтының онкология кафедраларының клиникалық базасы болып келеді. Кафедра меңгерушілері болып әр жылдары профессорлар Идрисов Акрам Салимович, Нұғыманов Сәкен Нұғыманұлы, Әбісатов Қайыржан Әбісатұлы істеді. Қазір ҚазҰМУ және АДЖИ кафедраларында профессорлар Қайдаров Бақыт Қасенұлы (меңгеруші), Хамзин Әбілкәрім Хамзаұлы және Монахов Борис Васильевич жұмыс істейді.

Қалалық онкология диспансері заманауи диагностикалық және емдік, соның ішінде эндоскопиялық аппараттармен жабдықталған. 2005-2007 жылдары 2 УДЗ аппараты, 2 бронхоскоп, 1 фиброколоноскоп, биохимиялық талдағыш, коагулометр, жақын фокусты емдік рентген аппараты, маммограф, «Карл Шторц» фирмасының эндоскопиялық тіреуі сатып алынып, орнатылды. 2006 жылдан бері қалалық емханаларда 10 рентгендік-маммографиялық аппарат орнатылды.

2007 жылы патоморфологиялық зертхана құрамында иммуногистохимиялық диагностика кабинеті ашылды, нәтижесінде сүт безі ісіктерінің гормондық күйін анықтау мүмкін болды. Осы жылы диспансерде орнатылған «Карл Шторц» фирмасының арнайы эндоскопиялық жабдығы арқасында Қазақстанда алғаш рет қуық қалбыршағының бастапқы қатерлі ісігінің фотодинамикалық диагностика әдісі меңгеріліп, енгізілді.

2009 жылы сәулелік диагностика және сәулемен емдеу бөлімі ашылды. Осыған байланысты Қалалық онкология диспансері «GammaMed plus» гамма-терапиялық аппаратында жоғары қуатты дозалы 192 Ir иондаушы сәуле көзімен қуыс ішілік пен тін ішілік сәулемен емдеу үшін жоғары технологиялық жабдық қолдануға мүмкіндік алды.

Сәулелік диагностика және сәулелік терапия бөлімінде 2009 жылдан бастап Қазақстанда алғаш рет «BrachyVision» жоспарлағыш жүйесін қолдану арқылы заманауи автоматтандырылған түйіспелі сәулелік терапияның клиникалық қолданысы басталды, сондай-ақ қуыс ішілік және тін ішілік сәулеленуді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы аппараттарда жүзеге асатын компьютерлік жеке жоспарлау жүйелері іске қосылды. Төмендегі жаңа технологиялардың көмегімен қуыс ішілік сәулелік терапия жүргізіледі, бұлар: сәулелік терапияны, үш өлшемді көлемді сәулелік терапияны жоспарлау кезіндегі компьютерлік томография, жеке дозиметрлік компьютерлік жүйелер.

Диспансерде көкірек қуысы, құрсақ қуысы, кіші жамбас мүшелерінің, сүйек-буын жүйесінің онкологиялық ауруларының диагностикасы үшін көп шиыршықты компьютерлік томографиясы қолданылады, сондай-ақ ақпаратты постпроцессингілік түрде өңдеудің, үш өлшемді және көп кеңістікті бейне жасаудың үлкен мүмкіндіктері бар.

Компьютерлік томография кезінде контрасттық құралдарды тамыр ішілік, пероралдық және ретроградтық жолмен енгізуді қамтитын арнайы онкологиялық тексеру протоколдары енгізілді.

Қалалық онкология диспансері Қазақстанда алғашқы болып асқазан, өңеш мен тоқ ішектің қатерлі ісігі кезінде гидро-КТ, КТ-гастрография, КТ-эзофагоскопия, КТ-гидроколонография операцияларын жасай бастады, бұлар алынған ақпараттың толықтығы жағынан әдеттегі КТ мен ирригоскопиядан артықшылығы көп.

2009 жылы рентгендік-диагностикалық бөлім сәулелік диагностика және терапия бөлімі деп өзгертілді. Соған байланысты түйіспелі сәулелік терапия үшін Brilliance СТ 6 Slice компьютерлік томографы және Varian фирмасының Gamma Med plus аппараты алынып, орнатылды. Бұлар ісік ауруларын ерте және толық көлемде анықтауға мүмкіндік береді.

Диспансер хирургтары асқазан-ішек жолдарына, өкпе, сүт безі, гинекологиялық мүшелерде, т.б. онкохирургияның әлемдік стандарттары бойынша операция жасайды. Соңғы жылдары илеоцистопластиканы қамтитын радикалды цистоэктомия, радикалды простатэктомия, мүшені сақтап қалатын бүйрек ісіктерінің резекциясы, панкреатодуоденальды резекция, лимфодиссекцияның түрлі деңгейлері, бүйрек пен жыныстық мүшелердегі органды сақтап қалатын операциялар тәрізді күрделі операциялар енгізіліп, меңгерілді.

Алматы қалалық онкология диспансерінде барлық науқастар заманауи химиялық-терапиялық дәрімен (40-тан астам) кешенді түрде емделе алады. Көбірек онкологиялық науқастарға Алматы қаласының мамандандырылған химиялық-терапиялық көмегін беру үшін, поликлиникада амбулаторлық ем кабинеті (күндізгі стационар) ашылды.

Диспансердің медициналық персоналының кәсіби деңгейі Қазақстан мен таяу және қиыр шетелде орын алатын түрлі семинарларға, мастер-кластарға, конференцияларға қатысу арқылы үнемі жетіліп отырады. Осылайша 2006-2007 жылдары ҚОД дәрігерлері Мәскеу, Петербург, Минск, Вена, Мадрид, Зальцбург, Барселона және басқа қалалардағы білім бағдарламалары мен халықаралық семинарларға қатысты.

«Қатерлі ісікпен бірге күресу» қоғамдық қорымен ынтымақтастық аясында 2008 жылы 2 гинеколог дәрігер Венгрия мен Израильде білім алды, рентгенолог дәрігер Австрияда компьютерлік томография, маммография және магниттік-ядролық томография курсынан өтті. 2009 жылы 2 маммолог Қазан қаласында реконструктивті пластикалық операция бойынша оқыды, эндоскопист дәрігер Қазан қаласының онкологиялық диспансерінде оқу курсынан өтті, цитолог және гистолог мамандар 2010 жылы Новосибирскіде оқыды. Сондай-ақ жас дәрігерлердің бүкіл әлем бойынша халықаралық конференцияларға қатысуына көмектесеміз. 2011 жылы диспансердің екі маманы, яғни цитология зертханасының меңгерушісі және паталогоанатом дәрігер Киевте өткен қатерлі өскіндердің диагностикасы жөніндегі Еуразиялық форумға қатысып, әр түрлі жерде орналасқан ісіктердің иммуноцитохимиялық диагностикасының жаңа әдістерін меңгерді.

Онкологиялық көмек көрсету деңгейін арттыру мақсатында диспансерде танымал онколог хирургтардың мастер-кластары өтеді. Атап айтқанда, 2009 жылы Францияның Клермон-Ферран қаласының емханасының Халықаралық эндоскопиялық хирургия орталығының профессоры Р. Бочоришвилидің қатысуымен көрнекті операциялар өтті, 2010 жылы Краснодар қаласынан келген профессор В.Л. Медведев Қазақстанда алғаш рет эндоскопиялық простатэктомия бойынша мастер-класс өткізді, ал Мәскеулік профессор А.А. Попов көрнекті эндоскопиялық гистерэктомия өткізді.

Қалалық онкодиспансердің басшылығы және дәрігерлері «Қатерлі ісікке қарсы бірге күресу» қоғамдық қорының еріктілері болып табылады, олар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қорының және Алматы қаласы денсаулық сақтау департаментінің қолдауымен ғылыми-тәжірибелік конференциялар, оқу семинарларын және басқа да қоғамдық маңызы бар шаралар өткізеді. Мысалы, 2010 жылы Алматыда жатыр мойны және өкпе қатерлі ісігінің алдын алуға қатысты екі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. «Жатыр мойны қатерлі ісігі — қоғамға төнген жасырын қауіп» конференция жұмысына ҚР Парламент мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясындағы Әлеуметтік кеңес төрағасы Самақова Айткүл Байғазықызы қатысты.

Қалалық онкодиспансер Алматы мен Қазақстанның басқа қалаларының тұрғындары арасында онкологиялық сауаттылықты арттыру бойынша қоғамдық жұмыстарға, оның ішінде әйелдер арасындағы жатыр мойны және сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау және алдын алу мақсатындағы скрининг-тексерудің мемлекеттік бағдарлама жұмысына белсене араласады. 2010 жылдың өзінде ғана диспансер дәрігерлері радио және телеарналардан оннан астам үндеу жасады, соның ішінде баспасөз мәслихаттарын өткізіп, отандық және шетелдік ғылыми және қоғамдық-саяси басылымдарда мақала жариялады, жалпы емдеу желісінің дәрігерлері үшін отыздан астам дәріс оқылды, сондай-ақ басқа да көптеген ақпараттық науқандар ұйымдастырылды, бұқаралық шеру-митингілер, дөңгелек үстелдер, әйелдерді аралап тексеру, профилактика мақсатындағы «ашық есік күндер» өткізілді.

ҚР Тұңғыш Президенті қорымен және Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның жеке қатысуымен бір қайырымдылық шарасында жиналған қаржыға онко-маркерлер мен науқастың иммундық күйін (иммундық-ферменттік талдағыш) анықтауға арналған диагностикалық жабдық алынды. «Қатерлі ісікке қарсы бірге күресу» қоғамдық қоры осы аппаратқа арналған қымбат реагенттерді тұрақты түрде әперуді өз мойнына алды.

2011 жылы 60 жылдық мерейтойын атап өткен Қалалық онкология диспансері қазіргі таңда Алматы қаласының тұрғындарына жоғары сапалы онкологиялық көмек көрсететін жалғыз мамандандырылған медициналық мекеме болып табылады. Жақын болашақта, көрсетілетін онкологиялық көмек деңгейін арттыру мақсатында төсек-орын қорын профилін қайта жасау және кеңейту жоспарлануда, сондай-ақ онкологиялық науқастарды толыққанды сәулелік емдеу үшін заманауи жабдығы бар радиологиялық корпус салу көзделуде.

2012-2016 жылдардың онкологиялық көмек көрсетуді жетілдіру бағдарламасы