Біз туралы ақпарат

Орталық жетекшісі —  медицина ғылымдарының докторы, денсаулық саласының үздіктеріне берілетін мемлекеттік «Алтын дәрігер» құрметті атағының иегері  Даулетбаев Дамир Абайділдаұлы. ШЖҚ «Алматы онкологиялық орталығы» МКК онкологиялық сырқаттарға шалдыққан науқастарға медициналық көмек көрсетеді. Қазіргі кезде Орталықта 477 адам жұмыс істейді, оның 95-і дәрігер. 8 медицина ғылымдарының кандидаты, 350 орта және кіші медициналық қызметкер бар. Дәрігерлердің 50 % мамандығы бойынша біліктілік санаттарына ие. Біздің Орталық медициналық көмекті кепілді көлем аясында сырқаттарға тегін де, ақылы да көрсетеді.

Толығырақ ақпарат

Амбулаториялық және емханалық жәрдем

Емхана онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беретін заманауи медициналық аппаратурамен және жабдықтармен жабдықталған және науқастарды мамандандырылған ем қабылдауға жібереді.  

Ақылы медициналық қызмет бөлімі

Ақылы медициналық қызметтер стационарлық (ауруханаға жатқызу) түрінде де, амбулаторлық тәртіпте (ауруханаға жатқызбай) де көрсетіледі. Ақылы бөлім қызметкерлері емханаға жатқызу құны туралы ақпарат береді.

Мамандар

Біздің мамандар — жоғары санатты дәрігерлер, медицина ғылымдарының кандидаттары.

Зертханалар

Зертхана қызметінің негізгі бағыты — қатерсіз және қатерлі өскіндердің дифференциалды диагностикасына арналған биологиялық материалды зерттеу, қатерлі ісік алды патология мен қатерлі ісікті жетілудің ерте кезеңінде анықтау.

Жаңалыктар

07.03.2018ж.
Алматы онкология орталығының қызметкерлері 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін атап өтті.

06.03.2018ж. Алматы онкология орталығының қызметкерлері 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін атап өтті. Алматыдағы Ғалымдар үйінде өткен мерекелі жиынға тек орталықтың қазіргі кездегі қызметкерлері емес, сонымен қатар ұзақ жыл Алматы онкология орталығында қызмет қылып зейнетке шыққан медицина қызметкерлері де жиналды. Атаулы іс-шараға арнайы келген Рамазан Стамғазиев, Құдайберген Бекіш сынды өнер азаматтары ақ халатты әсем аруларға арнап ән шырқады. Алматы онкология орталығының бас дәрігері, м.ғ.д. Даулетбаев Дамир Абайділдәұлы сахнаға шығып ерекше көзге түскен медициналық қызметкерлерді қала әкімінің алғыс хаттарымен, Нұр Отан партиясының мақтау қағаздарымен және өз атынан алғыс хаттармен марапаттады. Бұл күні орталықта ұзақ жылдар бойы абыроймен қызмет атқарған ардагерлерде де назардан тыс қалмады. Кештің құрметті қонағы ретінде шақырылған 7 ардагерге гүл шоқтары мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Кеш соңында орталықтыңбас дәрігері сахнаға шығып тосын сый жасады. Дамир Абайділдәұлы орталықтың барлық нәзік жанды қызметкерлеріне арнап жанды дауыспен «Ана туралы жыр» орындап берді.

Толығырақ
01.02.2018ж.
3 -ші ақпан күні Алматы онкология орталығының емханасында Ашық есік күні өтеді.

3 -ші ақпан күні Алматы онкология орталығының емханасында және қаламыздың басқада емханаларында Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күнінің аясында Ашық есік күні өтеді. Бұл күні таңғы сағат 9:00 ден 13:00 ге дейін онкомаммолог, онкоуролог және онкохирург мамандар барлық адамдарды тегін қабылдап, тексеріп, денсаулық мәселелері бойынша кеңес береді.

Толығырақ

барлық

Бас дәрігер блогы

Дамир Абайділдәұлының
Бас дәрігер

Онкологтың қызметінде УАҚЫТ үлкен маңызға ие...

Алматы онкологиялық орталығы біздің қаламыздың ең көне медициналық мекемелерінің бірі, 60 жылдан бері қызмет етіп келеді.Қәзір онкодиспансерді Даулетбаев Дамир Абайділдәұлы басқарып отыр. .
«Толығырақ»