Автобиография – Мукашев Аспет Сакенович

Автобиография – Мукашев Аспет Сакенович

Дата публикации: 07.06.2019

Мукашев Аспет Сакенович – 1970 жылы 2 желтоқсанда Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Берік ауылында дүниеге келген. 1988 жылы Мойынқұм ауданындағы орта мектепті бітіріп, 1988-1989 жылдар аралығында Кеңес ауылында қызмет атқарған.

1989 жылы Алматы Мемлекеттік Медицина институтына оқуға түсіп, 1995 жылы «Емдеу ісі» мамандығын алып шықты.

1995-1998 жылдары Көкшетау қаласында Қалалық клиникалық ауруханасында хирург дәрігерінің қызметін атқарған.

1999-2002 жылдар аралығында Алматы қаласында Қазақ Ұлттық Медицина университетінде онкология, маммология кафедрасының аспирантурасында оқыған. 2002 жылы медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болды.

2002-2004 жылдар аралығында жеке клиникада маммолог дәрігері болып жұмыс атқарды.

2004 жылдан бастап қазіргі күнге дейін Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының ШЖҚ «Алматы онкология орталығы» МКК-де онколог дәрігері болып қызмет атқарады. Онкология және маммология саласында «Сүт бездерінің қатерлі ісігінің алдын алу, диагностикалау, емдеу», т.б. тақырыптарда жазылған 15-тен аса мақалалары жарық көрген, 2 патенттің авторы.

«Сүт безі обырын емдеу әдісі». Патент нөмірі: 12688. Жарияланған күні: 17.02.2003. Авторлары: Есенкұлов Ә.Е, Мұқашев Ә.С.

«T1N0M0 I сатыдағы сүт безі обырының жергілікті қайталануын болжау әдісі». Патент нөмірі:13193. Жарияланған күні:15.05.2006. Авторлары: Есенкұлов Ә.Е, Мұқашев Ә.С.

Аспет Сакенович – АОО-да жұмыс атқарған кезеңінде әріптестерінің құрметі мен емделушілердің сеніміне ие болды.